Ақтөбенің тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланды

су тасқыны
Фото: Қорғаныс министрлігі

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды.

Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов ауданда жергілікті деңгейдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланғанын хабарлады. 

- Комиссия 28-наурыздан бастап жергілікті деңгейде төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. Шешімге сәйкес қалпына келтіру жұмыстарын атқаратын боламыз,- деді Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов. 

Еске салсақ, бұған дейін Қобда ауданында төтенше жағдай жарияланды. Жалпы Ақтөбе облысы бойынша қазіргі кезде 700-ден астам адам эвакуацияланды. Көктемгі су тастығы кезеңі басталғалы бері жолдан су өтеудің 15 дерегі тіркелді. Бұл республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар жолдар. Сонымен бірге облыста барлығы 8 жолды су шайды. 

Соңғы жаңалықтар