Алаяқтар 13 азаматтың 12 млн. 320 мың теңге қаражатын жымқырған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасына 51 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны арызданып келді.
None
None

Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың сәуір айында А. есімді азаматша оның сеніміне кіру арқылы, қызы мен туысқандарын және таныстарын «жұмысқа орналастырамын» деп алдап, одан 1 миллион 150 мың теңге ақшасын алып кеткен.

Осы факті бойынша жедел-тергеу тобы құрылды.

Көліктегі ішкі істер департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «темір жол саласына жұмысқа орналастырамын» деген желеумен қарапайым адамдардың сеніміне кіру арқылы, сыбайластарымен бірлесіп өзінің пайдакүнемдік жоспарын жүзеге асырып келген 35 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.

Көлік полицейлерінің мәліметі бойынша, алаяқтар алдау арқылы 13 азаматтың 12 миллион 320 мың теңге қаражатын жымқырған.

Көлік полицейлері жедел-іздестіру шаралары барысында аталған қылмысқа қатысты күдіктіні ұстады. Сондай-ақ, оның сыбайластары да анықталу үстінде.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының, 3-бөлімінің «б» тармағымен (iрi мөлшерде жасалған алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар