Александр Бублик Марсель турнирінің ширек финалына шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Марсель (Франция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 58-ракеткасы, франциялық Грегуар Баррермен шеберлік байқасты.

Жуырда Монпелье жарысында А.Бублик дәл осы Г.Баррерден тартысты матчта 4:6, 7:6 (14:12), 6:7 (3:7) есебімен ұтылып қалған еді.

Бұл жолы қазақстандық спортшы 6:4, 6:2 есебімен есе қайырды.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында А.Бублик 7 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 25-ракеткасы, болгариялық Григор Димитров немесе рейтингте 116-орында тұрған нидерландтық Гийс Брувердің біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Дубай жарысының үшінші айналымына өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Дубайда жарақатына байланысты жарыс жолынан шығып қалды.

Алғаш рет мүгедек арбасындағы теннистен ел кубогі өтеді.

Соңғы жаңалықтар