Александр Бубликтің Гонконг турниріндегі ықтимал қарсыласы анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Гонконгте 5-10 қаңтар аралығында теннистен өтетін ATP 250 турнирінің жеребесі тартылды.

Бублик
Фото: Sports.kz

Дүниежүзілік рейтингіде 11-орында тұрған қазақстандық Александр Бублик жаңа жылдың алғашқы жарысында 2-ракетка болып тіркелген.

Екінші айналымнан бастайтын А.Бублик рейтингіде 77-орындағы нидерландылық Ботик ван де Зандсхулп немесе іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен шеберлік байқасады.

Аталмыш додада сондай-ақ италиялық Лоренцо Музетти, ресейліктер Андрей Рублев, Карен Хачанов сынды теннисшілер өнер көрсетеді.

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 97-орындағы Александр Шевченко Брисбен (Аустралия) ATP 250 турнирі іріктеу сайысының жартылай финалында әлемнің 85-ракеткасы, бельгиялық Рафаэль Коллиньонға есе жіберді – 5:7, 4:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакина қатысатын Брисбен турнирінің жеребесі тартылғанын жазған едік.

Сондай-ақ Аружан Сағындықова Үндістандағы турнирде топ жарды.

 

Соңғы жаңалықтар