Александр Шевченко Қытайдағы жарыстың жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 96-ракеткасы Александр Шевченко Чэнду (Қытай) АТР 250 турнирінің жартылай финалына өтті. 

Шевченко
Фото: Sports.kz

Қазақстандық теннисші ширек финалда ATP рейтингісінде 168-орында тұрған жапониялық Таро Дэниелмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші тай-брейкте табандылық танытты - 7:6 (7:2). Екіншісінде Дэниел есе қайырды - 6:3. Үшінші, шешуші сетте Шевченко жеңісті жұлып алды - 6:2.

Екі сағат 5 минутқа созылған тартысты бәсекеде А.Шевченко 7 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Жапониялық спортшы 9 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.

Александр Шевченко финалға шығу үшін әлемнің 9-ыншы, осы жарыстың 1-ракеткасы, италиялық Лоренцо Музеттимен шеберлік таластырады. Ол ширек финалда рейтингіде 114-сатыдағы грузиялық Николоз Басилашвилиді қапы қалдырды – 6:3, 6:3. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Шевченконың Қытайдағы турнирдің ширек финалына жолдама алғанын жазған едік. 

Сондай-ақ Александр Бублик Қытайдағы жарыста қарсыласын камбэкпен тізе бүктірді

Соңғы жаңалықтар