Әлем кубогы: Айбек Оралбай Англия боксшысын жеңіп, жартылай финалға шықты

АСТАНА.KAZINFORM - Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында әлем кубогы кезеңінің ширек финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр.

а
Фото: ҚР ҰОК

Әлем чемпионы, аса ауыр салмақта басты фаворит саналатын Айбек Оралбай әлем кубогының 1/4 финалында Англия өкілі Мэтью Уильямспен жұдырықтасты.

Отандасымыз жекпе-жек бойы белсенді қимылдап, ауыр-ауыр соққыларын дарытумен болды. Англия боксшысы осы айқаста тек соққыға шыдауымен ғана ерекшелене алды. Қорытынды есеп: 5:0.

Бұған дейін Аида Әбікеева жартылай финалға өткен болатын.

70 келіде ең тәжірибелі боксшы саналатын Абылайхан Жүсіпов ширек финалда Шавкатжон Болтаевпен (Өзбекстан) жолы түйісіп, қарсыласын жеңді.

2 дүркін әлем чемпионы, 50 келідегі Санжар Тәшкенбай ширек финалда Қырғызстан өкілі Анваржан Ходжиевпен жұдырықтасып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Тимур Нұрсейітов медаль үшін таласта есе жіберді.

Алуа Балқыбекова жарысты аяқтады.

2 дүркін әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова ширек финалда төменгі салмақтан көтерілген Минакшимен (Үндістан) шеберлік байқасты. Өте жоғарғы қарқында өткен жекпе-жекте төрешілер 5:0 есебімен қарсыласты жеңімпаз деп таныды.