Алима Бисенова: Қазақ — моңғол, түрік, иран тайпасынан пайда болған халық

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан аумағында көптеген түркі тілдес тайпа бірігіп, біте қайнасып, араласу процесінің нәтижесінде қазақ халқы қалыптасты. Бұл туралы философия ғылымдарының докторы, антрополог, Назарбаев Университеті социология және антропология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Алима Бисенова айтты.

антрополог
Фото: Alima Bissenova/Facebook

— Қазақ — құрама халық, моңғол, түрік, иран тектес тайпалардың араласқанынан пайда болған. Ғалымдардың пайымдауынша, қазіргі Маңғыстау мен Атырау өңірінде ежелгі заманда Иран тілдес көшпенділер тұрған. Сарматтар, массагеттер. Олар керемет жауынгер еді. Сол жауынгерлік ерлік пен күшті рухты өзіміздің Кіші жүздің бойынан көруге болады. Қазақта «Ұлы жүзге қауға бер де малға қой. Орта жүзге қалам бер де дауға қой. Кіші жүзге найза бер де жауға қой» деген аталы сөз бар, — дейді Алима Бисенова.

Сонымен қатар, ғалым «Жошы ұлысынан бергі уақыт ішінде қазақ бет келбеті жағынан өзгерді ме?» деген сұраққа жауап берді.

Мавзолей Жошы хана в области Улытау
Фото: Айзада Ағылбаева / Kazinform

— Жошы ұлысы — мультиэтникалық империя. Яғни, оның құрамында әртүрлі тайпа болған. Атап айтсақ, қыпшақ, найман, китаньдар (қазір жоқ), қатаған және басқалары. Мәселен, Шыңғыс хан ақшыл сары адам болған. Бір отбасында, бір рудың ішінде келбеті бір-біріне ұқсамайтын адамдар болуы мүмкін. Сары, қара шашты, ұзын бойлы немесе тапал деген сияқты. Бес саусақ бірдей емес, — дейді спикер.

Айтуынша, Жошы ұлысы — Орта Азияның тарихында маңызды орын алатын, өз дәуірінде кең аумақты қамтыған мемлекет.

Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханның билігімен құрылған бұл ұлыс кейіннен Алтын Орда деген атпен белгілі болды.

антрополог
Фото: Alima Bissenova/Facebook

Жошы ұлысының тарихы, мәдениеті — бүгінгі қазақ тарихының іргелі бөлшегі.

— Recessive gene деген бар. Мәселен, менің көзім қара. Бірақ менің анамның немесе әжемнің көзі көк болған делік, сол көк көзді ген менің келбетімде болмаса да менің генетикалық пулымда сақталады. Реті келгенде ұрпағымда көрініс беруі мүмкін, — деп түсіндірді Алима Бисенова.

Еске салсақ, Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған конференциялардың бірінде Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Дүкен Мәсімханұлы Шыңғыс хан мен Жошы ұлысы болмағанда Орта Азия халқы араб-парсы тілді болуы мүмкін еді деген пікір айтқан болатын.

Сондай-ақ ҚР ҰҒА академигі Дархан Қыдырәлі Жошы ханның қазақ тарихындағы рөлін түсіндірген еді.   

Таяуда Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жошы ұлысы зерттеу ғылыми институты құрылды

Түркиялық кинокомпания Жошы хан туралы сериал түсіріп жатыр

Соңғы жаңалықтар