Алматы әкімінің көмекшісі ұсталғаны туралы ақпарат - жалған

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Әлеуметтік желіде Алматы әкімі көмекшісінің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл хабарламада Алматы облысы Іле ауданы әкімінің фотосы көрсетілген.

фейк
Фото: Қ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Алматы қаласының әкімдігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

- Алматы қаласының әкімдігі жалған ақпарат таратқандарды анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінетінін мәлімдейді. Еске салайық, заңнамаға сәйкес, жалған ақпарат таратқандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, - деп мәлімдеді әкімдік баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Іле ауданының әкімі қамауға алынғанын жазған едік.

Сондай-ақ Алматы облысы Іле ауданының әкімі не үшін ұсталғаны белгілі болды.

 

Соңғы жаңалықтар