Алматы мен тағы екі қалада ауа сапасы нашарлайды — Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

Ауа сапасы
Фото: Pixabay.com

— 2025 жылғы 24 желтоқсанда Алматы, Павлодар, Өскемен қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжанған, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалы сақталады.

Айта кетейік, бұған дейін биыл Жер шарында климат қалай өзгергені туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар