Алматы облысы 90 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтармақ

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Жыл басынан бері Алматы облысында 9 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Шымкентте әкімдік жер учаскесін пайдалануға заңсыз берген
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Алматы облысы жер қатынастары басқармасынан мәлім еткендей, былтыр облыс аумағында жалпы алаңы 89,7 мың гектар болатын 357 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

2025 жылы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе жер заңнамасын бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы тағы 90 мың гектар жерді қайтару жоспарда.

— Осы жылдың басынан бастап қайтарылған жерлердің 559,0 гектарына типтік жалдау шарттарын жою туралы сот шешімдері шығарылды. Қалған 8 576,0 га жер учаскелерін иелері өз еркімен немесе басқа заңды процедуралар арқылы қайтарды, — деп хабарлады басқармадан.

Осыған дейін Алматы облысында 8 су қоймасы мемлекетке қайтарылғаны туралы жазған едік. 

Кейін мемлекет меншігіне өткен нысандарға жөндеу жұмыстары жүргізілетіні белгілі болды. 

Жоспарда дамбаларды нығайту, су жіберу шлюздерін жөндеу, су қоймаларының жағдайын, әсіресе су тасқыны кезеңінде, бақылауды күшейту және нысандарды тұрақты мониторингтен өткізу бар.

Соңғы жаңалықтар