Алматы облысының тауларында тағы да құрғақ шөп өртеніп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы облысының Қарасай ауданында, Долан ауылы маңындағы таулы аумақта құрғақ шөп пен бұталардың өртенгені туралы ақпарат тіркелді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне мәлімдеді.

Алматы облысының тауларында тағы да құрғақ шөп өртеніп жатыр
Фото: Видеодан алынған кадр

Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласының ТЖД-нің, Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі қызметінің, жергілікті атқарушы органдардың және ҚР ТЖМ-нің 28237 әскери бөлімінің 100-ден астам қызметкері мен 20 техника бірлігі жұмылдырылды.

«Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы су төгу құрылғысы арқылы әуеден су шашуда.

ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіру жұмыстары тік таулы жер бедері, өрт аумағына апаратын жолдардың болмауы, шөптің қалыңдығы мен бұталардың көптігі салдарынан қиындатылған.

Еске салайық, өткен аптада Алматы облысындағы Орта Кыргауылды шатқалында шамамен 8 гектар аумақта құрғақ шөп өртенген болатын. Жағдай ТЖМ толық бақылауында болған.

Сондай-ақ құтқарушылар Ақсай шатқалында да құрғақ шөптің жануын сөндірді. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-нан су төгетін құрылғысы бар Ми-8 тікұшағы тартылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің аумағы 5 гектарды құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт салдарынан 6 құрылыс зақымданған, олардың ішінде 35 шаршы метрлік 2 саяжай үйі, 21 шаршы метрді құрайтын 3 бастырма және 20 шаршы метрлік монша бар.

Соңғы жаңалықтар