11:23, 18 Сәуір 2024 | GMT +5
Алматы тауларында қар көшкіні жүрді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Үлкен Алматы өзені маңында қар көшкіні жүрді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 17 сәуір күні Алматы қаласының Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде қар көшкіні түскен.
Қар массаның көлемі — 16 000 текше метр.
«Қар көшкіні таудың етегінде тоқтады. Зардап шеккендер жоқ» делінген хабарламада.
Еске салайық, 17 сәуір күні Алматының Медеу ауданында лай көшкіні жүріп, жолды жауып қалған еді.
Сондай-ақ Алматыдағы нөсер жауын мен заңсыз салынған құрылыс салдарынан Керей-Жәнібек хандар көшесі бойында сазды лай көшкіні түскен.