Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда 1 қыркүйектен бастап 8 жаңа мектеп қолданысқа беріледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жаңа оқу жылындың басында «Келешек мектептері» ашылады.

Алматыда 1 қыркүйектен бастап 8 жаңа мектеп қолданысқа беріледі
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

11 700 оқушыға арналған сегіз «Келешек мектебі» жеке инвесторлардан «дайын өнім» механизмі бойынша сатып алынып жатыр. Оларға барлық инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы жүргізілген.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, былтыр желтоқсан айында сегіз нысанның барлығында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, нысандарға техникалық тексеру жүргізілген. Нысандардың құнын бағаланған соң, сатып алу-сату шарты жасалған. Соның нәтижесінда биыл 1 қыркүйектен бастап 8 жаңа мектеп қолданысқа беріледі.

Алматыда 1 қыркүйектен бастап 8 жаңа мектеп қолданысқа беріледі
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Олардың ішінде ең үлкендері — әрқайсысы 2 мың орындық «Жеті Қазына» тұрғын үйі жанында, «Time City» тұрғын үйі жанында және «Алғабас» шағын ауданында орналасқан. 1500 орындық тағы бір мектеп «Алтын Сити» тұрғын үй маңында бой көтерген. Әрқайсысы 1200 орындық «Келешек мектептері» 1 қыркүйектен бастап Шұғыла шағын ауданында («Елімай» тұрғын үйі), Бурундай көшесі, 91 мекенжайында және «Ғажайып» шағын ауданында оқушыларды қабылдайды. Ал 600 орынға арналған білім ордасы «Парасат» тұрғын үй кешенінің жанында ашылады.

Алматыда 1 қыркүйектен бастап 8 жаңа мектеп қолданысқа беріледі
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 23 100 оқушы орнына 13 жайлы мектеп салынған. Жоба «Samruk Kazyna Construction» АҚ арқылы іске асырылды. Оның ішінде 600 орындық № 97 мектеп 2024 жылдың 1 қыркүйегінде аяқталып, пайдалануға берілді.

Алматыда 1 қыркүйектен бастап 8 жаңа мектеп қолданысқа беріледі
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Сегіз мектеп пайдалануға беру актісі бойынша Алматы қаласы Білім басқармасына тапсырылып, 2025 жылдың 1 қыркүйегінде ашылды. Оның ішінде «Самғау», «Қарасу» және «Теректі» шағын аудандарында 2 мың орындық мектептер бар. Ал 1500 оқушыға шақталған білім мекемелері «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешені, Райымбек даңғылы, 210 мекенжайы, «Ақбұлақ» шағын ауданы және Розыбакиев — Левитан көшелерінің қиылысында ашылды.

Одан бөлек 2025 жылдың екінші тоқсанында тағы бес мектептің құрылысы аяқталып, олар жұмысын бастап кетті. «Келешек мектептері Әбденов көшесінде және Егізбаев көшесі, 9 мекенжайында (әрқайсысы 2500 орындық), Құлжа тас жолында, Рысқұлов даңғылында және Әшімов көшесінде (әрқайсысы 2 мың орындық), сондай-ақ „Құрамыс“ шағын ауданында (1500 орындық) қолданысқа берілді.

«Құрылыс» механизмі бойынша салынған 13 мектептің барлығына да кіреберіс жолдары мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы жүргізілген.

Еске салайық, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 217 мектеп ашылды.