Алматыда 4 мың орны бар студенттер жатақханасы салынып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM —  Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова студенттер үшін жатақханадағы орын тапшылығы мәселесі қалай шешілгенін айтып берді.

Общежитие Жатақхана Студенческий дом Студенттер үйі
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Вице-министр Президент тапсырмасына сәйкес, соңғы 5 жылда жатақханалар көптеп салынғанын атап өтті.

– Егер бес жыл бұрын жатақханадағы орындарға сұраныс 82,5 мың орын болса, бүгінгі күні 6,8 мың орынға дейін азайды. Алматы қаласынан басқа барлық өңірде жатақхана тапшылығы мәселесі шешілген, – деді Г.Көбенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Бұл ретте кәсіпкерлер мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жатақхана құрылысына қатысқан.

– Мысалы Петрорпавлда 1200 орындық жатақханада, Астанада Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да 2656 орынға жатақхана берілді. Алматы қаласында одан да ірі жатақхана құрылысы жүріп жатыр, онда 4 мыңнан астам студентке орын болады. Оған қоса, оқытушыларға 300-ден астам орын бөлінеді, – деді Гүлзат Көбенова.

Айта кетейік, студенттер жатақханадан орын алуға онлайн өтініш бере алады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум