Алматыда алғашқы қар жауып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда нағыз күзгі ауа райы басталды. Қаланың төменгі бөлігінде жаңбыр, ал жоғары жағында алғашқы қар жауып жатыр.
Бұл — Алматыда биыл жауған алғашқы қар. Ал таулы аймақта ақ ұлпа қыркүйектің ортасында-ақ түскен еді. Қазір алматылықтар әлеуметтік желілерде алғашқы қардың әдемі көріністерін жарыса бөлісіп жатыр.

Синоптиктер мұның алдында Алматыда 5 қарашада қар жауып, көктайғақ болатынын болжаған еді. Түнде ауа температурасы −3…−5 градусқа дейін төмендейді.

Бүгін, 2025 жылғы 4 қазанда Алматы тауларында қар жауды.
Полиция жүргізушілерді сақтық пен қырағылық танытуға, сондай-ақ көлік құралдарын қысқы маусымға алдын ала дайындауға үндеді.
Ал Алматы билігі тұрғындарға қолайсыз ауа райы кезінде жеке автокөлікпен емес, қоғамдық көлікпен қатынауға, әсіресе таңертең және кешкі уақытта жолға шықпауға кеңес берді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ауа райының күрт бұзылуына байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеу режиміне ауысқанын хабарлағанбыз.