Алматыда қатарында ПОП-ММА спортшылары бар қылмыстық топ ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы қаласының Полиция департаменті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады.

Алматы
Фото: видеодан алынған кадр

Полиция мәліметіне сәйкес, қылмыстық топтың құрамында еліміздің ПОП-MMA спортшылары да болған.

«Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталып жатыр. Ұсталғандарға қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеуді Алматы қалалық ПД ТБ жүргізіп жатыр», - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталғанын жазғанбыз. 

Оған дейін Шымкентте 10-нан астам қылмыстық топ ұсталған болатын. 

Соңғы жаңалықтар