19:20, 12 Ақпан 2026 | GMT +5
Алматыда көшелерінде кептеліс күшейді - 10 балл
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда ауа райына байланысты көлік кептелісі күшейе түсті.
Алматыда қалың қар жауып жатыр. Көлік жүргізушілеріне қолайсыз ауа райынан көшелерде қозғалыс қиындады. 2GIS мәліметіне сәйкес, кептеліс деңгейі — 10 балл. Қаланың барлық негізгі көшелері «қызыл» және тіпті «қою қызыл» түспен боялған.
Бұған дейін республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтілетінін жазғанбыз.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман басады, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанды.
Еске салайық, Түркістан облысынан Алматыға қарай барлық көлік түрлерінің қозғалысы шектелді.