Алматыда тағы бір жаңа автобус бағыты іске қосылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 2026 жылғы 16 қаңтардан бастап Алматыда №96 жаңа автобус бағыты жұмысын бастайды.

ауа райы, погода, снег, қар, дорога, жол, автобус
Фото: Александр Павский / Kazinform

Бағыт келесі сызба бойынша қатынайды: «Әуежай» – Майлин көшесі – Бекмаханов көшесі – Шолохов көшесі – Жұмабаев көшесі – ҮАК (БАК) бойымен – Мөңке би көшесі – «Нұркент» шағын ауданы.

96 маршрут, Алматы
Фото: Алматы көлік холдингі

Бағыт бойынша жұмыс күндері желіге 15 автобус, ал демалыс күндері 13 автобус шығады.

Қозғалыс аралығы – 12 минут.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда «Барлық» базарының жабылуына байланысты бірнеше автобустың бағыты өзгергенін хабарлағанбыз.

Сондай-ақ Алматының Райымбек даңғылында BRT желісі қашан іске қосылатыны белгілі болды.

 

 

Соңғы жаңалықтар