Алматыда төбелес кезінде екі адамды пышақтаған күдіктілер ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Әлеуметтік желілерде түнгі уақытта Алматыда болған төбелестің бейнежазбасы тарады.

полиция рейд
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Бейнежазбадан қара киімді жігіттің екі адамды соққыға жығып, кейін пышақ сұққанын көруге болады. Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, оқиғаға қатысы бар күдіктілер тұтқындалды.

- Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Пышақ тәркіленді. Тергеу жалғасуда, - деп хабарлайды департмент баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда төбелес болып, мопедші көлік жүргізушінің басын жарғанын жазған едік.

Сондай-ақ Медеу алдында төбелес болып, онда қарсыласын балтамен ұрған күдіктінің ұсталғанын жазғанбыз.

 

 

Соңғы жаңалықтар