Алматыда жер сілкінді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы халқы 4 қарашада шамамен 12:45–те жер сілкінісін сезді. 

Алматыда жер сілкінді
Фото: Kazinform

Артынша тұрғындарға жер сілкінісі туралы ескерту келді.

Алматыда жер сілкінді
Фото: Kazinform

— Алматы қаласы аумағында жер сілкінісі, — делінген хабарламада.

жер сілкінісі
Фото: телефонға келген хабарламадан

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 4 желтоқсанда Астана уақытымен 12:45-те жер сілкінісін тіркеді.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. 

Жер асты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы MPV 6.7, тереңдігі – 5 шақырым.

Алматыда және облыстың бірнеше елді мекенінде жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша 2-3 балл деңгейінде сезілді.

Есептік қарқындылық (баллмен) төмендегідей болды:

• Алматы қаласы – 3 балл, 277 шақырым;

• Алматы облысы, Талғар қаласы – 3 балл, 271 шақырым;

• Алматы облысы, Қаскелең қаласы – 3 балл, 283 шақырым;

• Алматы облысы, Алатау (Жетіген) қаласы – 2 балл, 314 шақырым;

• Алматы облысы, Қонаев қаласы – 2 балл, 336 шақырым;

• Жетісу облысы, Жаркент қаласы – 2 балл, 374 шақырым;

• Жетісу облысы, Талдықорған қаласы – 2 балл, 444 шақырым;

• Жамбыл облысы, Шу қаласы – 2 балл, 476 шақырым.

Еске салайық, 23 қазан күні Алматы тұрғындарына жер сілкінісіне байланысты ескерту келді.

Соңғы жаңалықтар