23:13, 11 Қаңтар 2025 | GMT +5
Алматыдағы ҚБТУ ғимараты өртеніп жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда орналасқан Қазақ-британ техникалық университетінде өрт шықты.

Алдын ала мәліметтер бойынша Төле би көшесінде орналасқан ғимараттың төртінші қабатындағы бөлмелердің бірінде төбе жабыны жанып жатыр.
— Өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлығы жеке құрамнан 59 адам және 16 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің 4 буыны жұмыс жасауда, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазір төтенше жағдайға байланысты Төле би және Қазыбек би көшелерінің бір бөлігі уақытша жабылған.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ірі қойма өртенгенін жазғанбыз.
Сонымен қатар, бүгін Астанада екі қабатты сауда үйінен өрт шықты.