Алтын кенішіндегі апат: іздестіру-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр

«Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Ауыр техниканың көмегімен өткелді тереңдету жалғасуда. Барлығы 37 мың текше метрден астам топырақ пен тау жыныстары жоғарыға шығарылды, деп хабарлайды Kazinform. 

Алтын кеніші
Фото: Павлодар облысы ТЖД

«Жұмыс геосканермен атқарылып жатыр. Оның көмегімен 7 қаңтар күні 5 метр тереңдікте автобустың жатқан жері шамамен анықталды. Бүгін топырақты қайта сканерлеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша іздеу-құтқару жұмыстарының барысы түзетілетін болады. Оқиға орнына ТЖМ, КӘАҚҚ РО, жергілікті атқарушы органдар, «Майқайыңалтын» АҚ, полиция және жедел жәрдем бөлімшелерінен барлығы 139 адам және 47 техника жұмылдырылған. Жазатайым оқиғаның себебін тергеу мақсатында ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаевтың төрағалығымен комиссия жұмыс істеп жатыр. Комиссия құрамына Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов, «Майқайыңалтын» АҚ бас директоры Қуаныш Ботин, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, еңбек басқармасы, КӘАҚҚ РОШ, кәсіподақ ұйымы департаментінің басшылары мен мамандары енді», - деп хабарлады өңірлік Төтенше жағдай департаменті.

Тергеу жұмысын жан-жақты ұйымдастыру және жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін 4 сараптама ұйымының өкілдері тартылған. 

Алтын
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Кеше ойыққа түсіп кеткен автобус орны шамамен табылғанын хабарлаған едік. 

Еске сала кетейік, 4 қаңтар күні «Майқайыңалтын» кен орнында үлкен ойық маңындағы топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жердің астына түсіп кеткен болатын. 

Алтын кеніші
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Кейін оқиға орнынан екі адамның денесі табылды. 

Майқайыңдағы алтын кеніші туралы не білеміз?

 

Соңғы жаңалықтар