Анна Данилина әлемдік рейтингіде 19-орынға көтерілді
АСТАНА. KAZINFORM – Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті.

Жекелей сында алғашқы үштікте ешқандай өзгеріс жоқ. Беларусь өкілі Арина Соболенко көш бастаса, поляк қызы Ига Швентек екінші, америкалық Кори Гауфф үшінші орында тұр.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 5-сатыда қалса, Юлия Путинцева 20-дан 21-ге төмендеді.
Жұптық сында чехиялық Катержина Синякова, жаңазеландиялық Эрин Рутлифф және америкалық Тейлор Таунсенд (США) көштің алдында келеді.
Өткен аптада Линц (Аустрия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Анна Данилина 20-дан 19-орынға көтерілді. Ю.Путинцева 104-тен 107-ге, Жібек Құламбаева 156-дан 160-қа сырғыды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Дэвис кубогында Қазақстанның Пәкістан құрамасын ұтқанын жазған едік.
Теннисші Александр Недовесов ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады.
Әбу-Даби турнирінде Рыбакина мен Путинцева бақ сынайды.
Ю.Путинцева Әбу-Дабиде чехиялық Линда Носковамен бірге жұптық сында да өнер көрсетеді.