Антальяда 4,8 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Кеше түнде Анкара уақытымен cағат 22:13-те (Астана уақытымен 00:13) Түркияның Анталья провинциясында магнитудасы 4,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Землетрясение магнитудой 4,8 произошло в Анталье
Фото: www.trthaber.com

Түркия үкіметінің Табиғи апаттардың алдын алу және салдарын жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Жерорта теңізінің жағалауға жақын аймағында орналасқан. Оның тереңдігі шамамен 35 шақырымды құрады.

Құрбан болғандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ. Жер сілкінісі курорттық аймақтарда, әсіресе жерасты дүмпулері қатты сезілген жағалаудағы аудандарда жергілікті тұрғындар мен қонақүй қонақтарын алаңдатты. Билік азаматтарды сабыр сақтауға және ресми хабарламаларды бақылап отыруға шақырды.

Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр, құтқарушылар мен төтенше жағдайлар қызметі ықтимал жер сілкінісі немесе афтершок болған жағдайда жоғары дайындық жұмыстарын жүргізді.

Қырғызстанда 20 қараша күні шамамен 4 балдық жер сілкінісі тіркелді.

 

Соңғы жаңалықтар