20:19, 30 Қазан 2025 | GMT +5
Апалы-сіңілі боксшы қыздар жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль алды
АСТАНА. KAZINFORM – Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан финалдық сайыстар жалғасып жатыр.
ҚР ҰОК мәліметінше, бұл жарыста туған апалы-сіңілі - Камила мен Аяулым Оспанова ерекше жетістікке жетті. Қос аруымыз бір күнде тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.
Аяулым 66 келіге дейінгі салмақта қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атанды. Ал Камила 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, жасөспірімдер Азиадасында Аяулым Оспанова мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, алтын медаль алды.
Боксшы Досжан Жұмақан чемпион атанды.
Арман Мырсәбит бокстан жасөспірімдер Азиадасында күміс медаль алды.
Қазақстандық боксшы Жұмағали Нұрмахан жасөспірімдер Азиадасында топ жарды.