«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорынында тағы да апат болды

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорынында бүгін апат болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияға сілтеме жасап.
None
«18 қаңтарда таңғы сағат 6:10-да тікелей коксты газ құбыры опырылып түсті. 20 м аумақ зақымданған. Зардап шеккендер жоқ, себептері анықталуда», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, өткен жылы 8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртауда» апат болып, 1 адам көз жұмған еді.

Ал 28 қарашада «АрселорМиттал Теміртаудың» өндіріс мекемесінде апат болды. Сонымен қатар 3 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапты.

ТЖ фактісі бойынша бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жұмысы тоқтауы мүмкін екені айтылуда.


Соңғы жаңалықтар