«АрселорМиттал Теміртаудың» инвесторы қандай критериймен таңдалды
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы қандай критериймен таңдалғанын айтып берді, деп хабарлайды Kazinform.

«Жаңа қазақстандық инвестор үшін шешім қабылдау орталығы Қазақстан болуға тиіс. Бұл Қазақстанда жұмыс істегісі келмейтін адамдар болмауы керек. Бұл – біздің ұстанымымыз. Егер инвестор немесе инвесторлар тобы үшін шешім қабылдау орталығы Қазақстан болса, бұл анағұрлым дұрыс таңдау болуы мүмкін», - деді Қанат Шарлапаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министр Allur Group компаниялар тобының қазіргі бизнесі мен болат өндірісі арасында ықтимал синергия бар.
«Бүгінде көліктер әлі де металдан жасалатынын бәрі біледі. Осыған байланысты Қарметте (АМТ) автомобиль болатын өндіру және оны қолданыстағы бизнестермен біріктіру – қалыпты бизнес-логика. Өйткені, бұл үлкен логистикалық шығындарды азайтуға, өндірісті тереңдетіп, жергілікті үлесті арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл жалғыз адам қабылдаған шешім болмағаны түсінікті. Оған көптеген адам қатысты. Үкіметтік комиссия инвесторларды таңдаумен айналысты және біз бұл жұмыстарды кім істей алатынын анықтадық», - дейді Қанат Шарлапаев.
Бұған дейін Қ. Шарлапаев Қазақстан ArcelorMittal-дың екі кәсіпорнын 3,5 млрд доллардан 286 млн долларға арзандатып алғанын, мұны еліміздің ірі және табысты келіссөзі болғанын айтқан еді.
Айта кетейік, бүгін «АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы анықталды. Жаңа инвестор – қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев. Ол 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Allur Group» компаниялар тобының Директорлар кеңесінің төрағасы, оның құрамында «Агромашхолдинг» және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС бар. Компаниялар тобы Chevrolet, KIA, JAC және LADA автобрендтерінің Қазақстан аумағындағы ресми өндірушісі және дистрибьюторы.
Сондай-ақ, «АрселорМиттал Теміртаудың» атауы «Қармет» деп өзгеруі мүмкін.
Kazinform агенттігі «АрселорМитталТеміртау» тарихында қандай апаттар болғанына шолу жасаған еді.