Арыс қаласында бір үй су астында қалды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркістан облысындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

«Елді мекендерді аралау жалғасуда.

Құтқару бөлімшелері мен ЖАО жедел шараларды ұйымдастыру арқылы жағдайды тұрақтандырды.

Арыс қаласында бір үй су астында қалды. Елді мекендерде негізінен аула аумақтары су астында қалды, онда суды сорып шығару жұмыстары жүргізілуде», - деді министр.

Еске сала кетейік, 2 ақпанда Кентау, Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Сауран, Ордабасы аудандарында жауын-шашыннан көшелер мен аулаларды су басып жатқанын хабарлаған едік.


Өңірде көлігімен тасқын су ортасында қалып қойған тұрғындар құтқарылды. Түркістан облысының әкімі тасқын су кірген елді мекен тұрғындарымен кездесті.

Біз сондай-ақ Кентау қаласы мен Сауран ауданында төтенше жағдай жариялануы мүмкін екенін жаздық.

4 елді мекенде су бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр, тұрғындар үшін «жедел желі» іске қосылды.

Қазгидромет синоптиктері Түркістан облысында бүгін де жауын жауып, өзендерде су деңгейі көтерілетінін ескертті.


Фото: t.me/qr_tjm


Соңғы жаңалықтар