Түркістан облысындағы су тасқыны: 4 елді мекенде су бұру жұмыстары жүріп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысындағы су тасқыны мен оның салдарымен күрес бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметі таратқан деректерге сілтеме жасап.
None

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі уақытта 4 елді мекенде, атап айтқанда Бәйдібек ауданында Шаян мен Шақпақ, Сауран ауданында Шаға және Арыс қаласында су бұру жұмыстары жүргізілуде.

ҚР ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен үйлерді су басу жағдайының алдын алу үшін 12 000 құм салынған қап төсеу жұмыстары жүргізілді.

Қарнақ ауылында Кентау қаласы, Бәйдібек, Ордабасы, Сауран аудандарында барлығы 21 көше мен 235 аула аумағын, сондай-ақ Ордабасы ауданында мектептің аумағын су басқан.

Жұмыс жүргізуге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдарынан 400-ден астам адам, 70-ке жуық техника, 35 мотопомпа жұмылдырылды.

ТЖД күшімен Кентау қаласындағы Қарнақ ауылының, Сауран, Бәйдібек аудандарының су басқан аула аумағынан 204 адам және 201 ұсақ мал эвакуацияланды. Халықты эвакуациялау және уақытша орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдар Сауран ауданында 4 эвакуациялау пунктін дайындады.

Республикалық және облыстық жедел штаб жұмыс істейді.


Жедел желі телефондары жұмыс істейді: Астанада - 87172533284; Түркістан облысында - 87253357881.

Облыстық маңызы бар 11 автомобиль жолының 23 учаскесінде жол төсемін су шайды. Су тасқынына байланысты облыстық маңызы бар «Көксаят-Ақсу-Саян-Мыңбұлақ-М-32», 118-136 км 117-179 автожолы жабылды.

Су тасқынының салдарымен күресу үшін Түркістан облысына Шымкент қаласының ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 3 ақпанда облыстың басым бөлігінде жауын жуып (жаңбыр, қар), ауа температурасы көтеріліп, қар тез ериді, еріген және еңіс ағынының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін.


Бүгін, 2 ақпан күні сағат 08:00-ден бастап таулы аудандарда қар еріп, жауын-шашынның көп түсуіне байланысты су деңгейі көтерілгенін жаздық. Салдарынан Кентау және Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарында аулалар мен көшелер су астында қалды.

Сондай-ақ тасқын су Сауран ауданындағы елді мекендерге қауіп төндіріп тұрғаны хабарланды.

Түркістан облысының үш ауданында 6 көшені су басқаны айтылды.

Өңірде көлігімен тасқын су ортасында қалып қойған тұрғындар құтқарылды.

Сауран ауданында 7 балабақша жұмысын тоқтатты.

Түркістан облысының әкімі тасқын су кірген елді мекен тұрғындарымен кездесті.

Кентау қаласы мен Сауран ауданында төтенше жағдай жариялануы мүмкін екенін жаздық.


Соңғы жаңалықтар