Астана-Петропавл тас жолында автобус бұзылып, 49 жолаушы эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Астана-Петропавл тасжолында жолаушылар мінген автобус бұзылып, 49 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана-Петропавл тас жолында автобус бұзылып, 49 жолаушы эвакуацияланды
Фото: Видеодан скрин

Ақмола облысындағы Ақкөл қаласы мен Барап ауылы арасындағы автожол учаскесінде Бурабай — Қарағанды бағытымен келе жатқан автобустың қозғалтқышы бұзылып, жолаушылар жолда қалды.

— ТЖМ қызметкерлері полицейлермен бірлесіп оқиға орнына жедел жетіп, 49 жолаушыны жылыту пунктіне жеткізді. Осыдан кейін жолаушыларды Қарағанды қаласына жеткізу үшін басқа автобусқа отырғызды, — делінген ақпаратта.

ТЖМ алыс жолға шықпас бұрын ауа райы жағдайын ескеріп, көліктің техникалық жағдайын тексеруді ескертеді.

Айта кетейік, 8 наурызда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды.

Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ҰК бірнеше өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылғаны туралы хабарлады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум