Астанада өзеннен табылған жасөспірімнің ісі өзіне қол салу дерегі бойынша тергеліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астанада өзеннен табылған жасөспірім қыздың ісі өзіне қол салу дерегі бойынша тергеліп жатқанын айтты. 

полиция
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

— Аталған оқиғадан кейін өзіне қол салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қазір тиісті сараптамалар басталды, — деді Санжар Әділов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 24 қарашада Астанада өзен бойынан жасөспірім қыздың денесі табылды.

Полицияның мәліметінше, 24 қарашада сағат 21:00 шамасында елорда тұрғыны қызының жоғалып кеткені туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған. Ол қыздың сағат 18:30–да үйден шығып кеткенін және байланыста болмағанын айтқан. 

Соңғы жаңалықтар