Астанада жаңа әуежай құрылысы бес жылға созылуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада жаңа әуежай салу бес жылдан астам уақытқа созылуы мүмкін.

Строительство жилого комплекса
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Aviation Security Week аясында журналистерге айтты.

Оның сөзінше, бір ай бұрын Астана қаласының әкімдігі, Көлік министрлігі және Сингапурдағы Чанги әуежайының басшылығы арасында жобаны сүйемелдеу жөніндегі меморандумға қол қойылған.

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

— Қазір жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр, — деді Талғат Ластаев.

Жоба елорданың әуежай инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған.

— Мұндай ауқымды жобалардың құрылысы әдетте бес жылдан астам уақыт алады. Сондықтан жұмысты мүмкіндігінше тезірек бастауды көздеп отырмыз, — деді вице-министр.

Айта кетейік, Астанада халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік апталығы өтіп жатыр.

Бұған дейін елімізде әуежайлар жаңғыртылып, ұшақтар паркі жаңаратынын жазғанбыз.