Астанада жүздеген адам ерекше инсталляция құрастырып шықты

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM –  EXPO алаңында қала тұрғындарының қолымен жасалған «Ұлы Дала Аруы» атты арт-инсталляция ашылды. 

Астанада жүздеген адам ерекше инсталляция құрастырып шықты
Фото: Астана әкімдігі

Жобаның авторы – шебер Рахима Берген.

Оның жұмысына балалардан бастап әжелерге дейінгі төрт буын қатысты. Олар 3250 шаршы тоқып, одан Қазақстанның барлық өңірін бейнелейтін 17 күн шапағын құрастырған. Әр элемент жеке шаңырақты білдіреді.

Астанада жүздеген адам ерекше инсталляция құрастырып шықты
Фото: Астана әкімдігі

Кейбірі үшін бұл жоба күнделікті күйбеңнен серпілуге мүмкіндік болса, енді бірі үшін ортақ іске үлес қосу жолы болды. Мәселен, қатысушылардың бірі әжесінің құрметіне 90 шаршы тоқып шыққан.

Астанада жүздеген адам ерекше инсталляция құрастырып шықты
Фото: Астана әкімдігі

Жоба әкімдіктің қолдауымен жүзеге асып, тек фотоаймақ қана емес, дәстүр мен шығармашылық арқылы адамдарды біріктіретін ерекше кеңістікке айналды. 

Айта кетелік Астанада Наурыз мейрамын ауқымды деңгейде тойлау басталғаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар