Астанадағы Есірткі қылмысы комитетінің басшысы Данияр Мейірхан қызметінен шеттетілді

АСТАНА.KAZINFORM — Есірткі қылмысы комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан тергеу жүргізілгенге дейін қызметінен шеттетілді. 

Данияр Мейірхан
Фото: polisia.kz

Бұған дейін интернетте Астанада Есірткі қылмысы комитетінің төрағасы Данияр Мейірханға қарсы қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлама пайда болды.

Данияр Мейірханға қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және қызметкерді қудалау бойынша күдік келтірілгені хабарланған. Оған қарсы 20 бағынышты қызметкер де ұжымдық шағым түсірген.

— Сіздің өтінішіңізде көрсетілген тұлға тергеу жүргізілгенге дейін қызметтік міндеттерінен шеттетілді, — деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Данияр Мейірхан — полиция полковнигі. Ол ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бөлім бастығынан бастап бастығының орынбасарына дейінгі лауазымдарды атқарды (2023–2024);

ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары (2024);

ҚР Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті төрағасының міндетін атқарушы (2024–2025);

Данияр Мейірхан 2025 жылдың қыркүйегінен бастап комитет төрағасы қызметін атқарды.

Айта кетелік СҚО-да қаржылық заң бұзуға жол берген 13 лауазымды тұлға жазаланған еді