Астанадан Бурабайға рейс ашыла ма – Министрлік жауабы

АСТАНА. KAZINFORM – Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Үкіметтегі брифингте Астана мен Бурабай арасында әуе рейсі ашыла ма деген сұраққа жауап берді.

Прямые рейсы откроются между Алматы и кыргызстанским Караколом
Фото: Freepik.com

Бұған дейін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Астанамен тікелей қатынас орнату үшін шағын әуежай ашу мәселесі пысықталып жатқанын айтқан еді. 

– Астана мен Бурабайды әуе бағытымен қамту жұмысы жүргізіліп жатқан жоқ. Бірақ жалпы алғанда министрліктің алдында шағын авиацияны дамыту міндеті тұр. Қазір осы бағыт бойынша жан-жақты зерттеу жүргізіп жатырмыз. Шағын авиацияны дамыту тұжырымдамасы дайындалған соң, оны міндетті түрде БАҚ қарауына ұсынамыз, – деді Көлік вице-министрі. 

Спикердің айтуынша, қазір де шағын ұшақтары бар жеке әуе тасымалдаушылары бар. Бұл жерде әкімдік өз тарапынан бастама көтеріп, қажетті қаржы бөліп, әуе қатынасын қамтамасыз ете алады.

– Бурабай бағытына туристік ағымның өте жоғары екенін білесіздер – онда жылына бір миллионнан астам адам келеді. Мұндай рейстердің ашылуы әбден мүмкін деп санаймыз. Шағын әуе рейстерін іске қосу туристік бағыттың дамуына қосымша серпін береді, өйткені Астанаға ұшып келіп, Бурабайға бет алатын адамдар бар және олар өз жолын таңдауға құқылы. Бұл жерде біз ешқандай шектеу көріп тұрған жоқпыз, – деді М. Қалиақпаров.

Бұған дейін Көлік вице-министрі Қазақстанда 50-ден астам жол учаскесі қауіпті деп танылғанын айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар