Астананың бас шыршасы жағылды

АСТАНА. KAZINFORM – «Астана Арена» стадионының аумағында қаланың басты жаңажылдық шыршасы жағылды. Салтанатты іс-шараға мыңнан астам адам жиналды.

шырша
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бас шыршаның биіктігі 25 метрге жетеді.

шырша
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

– Биыл бас шыршамыз табиғи пішінде жасалған, сәукеле секілді жан-жағы жұқа желекпен сәнделген. Бұл шыршаға шамамен 3000 ойыншық пен көптеген гирлянда қолданылды, – деді «Астанагенплан» мекемесінің директорының орынбасары Елнар Базыкен тілшілерге берген сұхбатында.

шырша
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Сондай-ақ, стадион аумағында тұрғындар үшін көптеген ойын-сауық – мұз айдындары, сырғанақтар, фотозоналар, жәрмеңкелер мен дәмханалар ашылды. 

шырша
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Айта кетейік, дәл осы уақытта Астананың алты ауданында да жаңажылдық 30 шырша қатар жағылды. 

шырша
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
шырша
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Астанада 30-дан астам жаңа жылдық шыршаның шамы жағылатынын жазған болатынбыз. 

шырша
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
шырша
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
шырша
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Ал Алматыны жаңажылдық безендіруге 800 млн теңге жұмсалады.

 

 

Соңғы жаңалықтар