Астананың қос жағалауында ауқымды отшашу өтті

АСТАНА. KAZINFORM — 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні елордада демеушілердің қаражаты есебінен мерекелік жаңажылдық отшашу атылды.

Астананың қос жағалауында ауқымды отшашу өтті
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Отшашу Астананың қос жағалауында — Ботаникалық бақ пен «Атырау» көпіріне іргелес аумақтарда ұйымдастырылды.

отшашу
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Жаңбыр аралас қар мен желге қарамастан, отшашу тамашалауға келген адамдар қарасы көп болды.

отшашу
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында отшашу кезінде «Атырау» көпірі маңындағы мұзына шығуға тыйым салынды.

отшашу
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Сонымен бірге, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін Астананың барлық 6 ауданында жаңажылдық мерекелік концерт өтті. Сағат 21:00-де «Қазақ елі» монументінің жанындағы алаңда, «EXPO» аумағында, сондай-ақ қалалық алаңда шығармашылық ұжымдар мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен жаңажылдық мерекелік концерт өтті.

отшашу
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Іс-шараға отандық эстрада жұлдыздары — Зарина Омарова, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, Қазыбек Құрайыш, Серік Ибрагимов, Жұбаныш Жексенұлы, Ақбота Керімбекова, «Меломен», «Бәйтерек» топтары және басқа да әртістер қатысты.

отшашу
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
отшашу
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Алғаш рет Jibek Joly радиосынан Президенттің жаңа жылдық құттықтауы берілді. Осылайша, жаңа жылды жол үстінде қарсы алған қазақстандықтар Мемлекет басшысының құттықтауын 101.4 FM жиілігінен тыңдай алды.

отшашу
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
отшашу
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Сондай-ақ, ауа райына байланысты елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Соңғы жаңалықтар