10:23, 16 Наурыз 2026 | GMT +5
Атырау-Астрахань тас жолы ақылы болады
АСТАНА. KAZINFORM — Биылдан бастап жүк көліктеріне Атырау-Астрахань бағытындағы жол ақылы болады. Бұл туралы "Қазавтожол" ҰК АҚ мәлім етті.
Атырау облысы филиалының директоры Ардақ Қайреденовтің айтуынша, жеңіл көліктер үшін жол тегін болып қала береді. Бұл бастама жолдардың сапасын сақтап, оларды тұрақты күтіп-ұстау үшін енгізіліп отыр.
Айта кетейік, жақында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев биыл ақылы жолдардан 100 млрд теңге түсуі мүмкін айтты.
Ал былтыр ақылы жолдардан 90 млрд теңгеге тарта қаражат жиналғаны хабарланды.
Биыл 9 мың шақырымға жуық автожол жөнделеді.