Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғылар тұрақты жұмыс режиміне шығарылды
АТЫРАУ. KAZINFORM – Бүгін Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық қондырғылар тұрақты өндіріс режиміне шығарылды.
Кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімінің ақпаратына қарағанда, бүгін түсқайта мұнай өңдеу зауытындағы технологиялық қондырғылар тұрақты режимде жұмыс істей бастаған. Қазір зауыттың қондырғылары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Бұдан екі күн бұрын, 21 қыркүйекте сыртқы электрмен жабдықтау жүйесіндегі іркіліс болған еді. Соған байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытында жекелеген технологиялық қондырғылардың жұмысы тоқтатылған болатын.
«Оқиға кезінде зауыттың қалған технологиялық қондырғыларының жұмысы, кәсіпорынның құбыр жүйесіндегі қысымның қажетті деңгейі жекеменшік жылу электр орталығымен қамтамасыз етілді. Әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдері тұтынушыларға жинақталған қор есебінен жөнелтілді», - деп хабарлаған еді қоғаммен байланыс бөлімінен.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау мұнай өңдеу зауытында кейбір технологиялық қондырғылар тоқтатылғанын хабарлаған едік.
Сондай-ақ, Атырау мұнай өңдеу зауытында қазанда жоспарланған алдын алу жұмысы жүргізілетінін жазған болатынбыз.
Ал, қыркүйектің алғашқы аптасында Атырау мұнай өңдеу өңдеу зауытында көмірсутек газы ауаға жіберілді.