Атырау облысында 11 күн бұрын із-түзсіз жоғалған ер адам әлі табылмай жатыр

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысында биыл 39 жасқа толатын ер адам із-түзсіз жоғалып кетті. Оны іздеу 9 қаңтардан бері үздіксіз жүргізіліп жатыр.

Атырау облысында жоғалған үшеу
Фото: Атырау облыстық ТЖД

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ер адам 9 қаңтарда із-түзсіз жоғалған.

«Жылыой ауданының 1985 жылғы тұрғыны 9 қаңтарда үйінен шығып кеткен. Сол күні түнгі сағат 22:30 шамасында анасына «Зираттың жанында келе жатырмын. Адасып кеттім» деп хабарласқан», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Алайда, содан кейін жоғалған ер адамнан еш хабар болмаған. Туыстарымен байланысқа шықпаған. Оның қай бағытқа кеткені белгісіз болып отыр.

«Қазір хабар-ошарсыз кеткен ер адамды іздестіру жұмысы жалғасып жатыр. Іздестіру жұмысына Жылыой аудандық полиция және төтенше жағдайлар бөлімінің, жергілікті атқарушы органның қызметкерлері тартылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында мал іздеуге шыққан 3 адам жоғалып кеткенін жазған едік.

Кейін жоғалған үш адамды іздеуге тікұшақ тартылды.

Сондай-ақ, Атырау облысында 3 күнде қар құрсауынан 15 адам құтқарылғанын хабарлаған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар