Ауғанстандағы жер сілкінісінің дүмпуі Қазақстанда да сезілді

АСТАНА. KAZINFORM —  ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 3 сәуір Астана уақытымен 21 сағат 13 мин жер сілкінісі тіркелді.

жер сілкінісі
Фото: freepik

Эпицентр 853 шақырым жерде орналасқан. Ауғанстан аумағындағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай.

Жер сілкінісінің дүмпуі еліміздің бірнеше өңірінде сезілген:

  • Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, 2 б.
  • Түркістан облысы, Жетісай ауд., Жетісай қ., 2 б.
  • Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, 2 б.
  • Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, 2 б.
  • Түркістан облысы Шардара ауданы Шардара қаласы 2 б.
  • Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы, 2 б.
  • Түркістан облысы Төлеби ауданы Леңгір қаласы 2 б.
  • Түркістан облысы, Сайрам ауылы, 2 б.
  • Шымкент қ. 2 б.
  • Түркістан облысы, Манкент ауылы, 2 б.
  • Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, 2 б.
  • Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы, 2 б.
  • Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, 2 б.
  • Түркістан облысы Арыс қаласы 2 б.
  • Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, 2 б.
  • Жамбыл облысы Тараз қаласы 2 б.
  • Жамбыл облысы, Байзақ ауд., Сарыкемер ауылы, 2 б.
  • Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, 2 б.
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, 2 б.
  • Т.Рысқұлов атындағы Жамбыл облысы Құлан ауылы 2 б.
  • Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы (Шаян) 2 б.
  • Жамбыл облысы, Мерке ауд., Мерке ауылы, 2 б.
  • Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, 2 б.
  • Түркістан облысы Түркістан қаласы 2 б.
  • Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 2 б.
  • Түркістан облысы Кентау қаласы 2 б.
  • Түркістан облысы, Сауран ауд., Шорнақ ауылы, 2 б.
  • Жамбыл облысы, Қордай ауд., Қордай ауылы, 2 б.
  • Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, 2 б.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Жетісу облысында үш рет жер сілкінісі тіркелген болатын.

Соңғы жаңалықтар