«Ауылға путевка алып кетеміз бе»: Шерзат ісі бойынша куәгер күдіктіден естігенін айтты

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Талдықорған қаласында өтіп жатқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында куәлік берген Дана Жақсыгелді күдіктілердің көлік ішіндегі әңгімесін айтып берді.

Шерзат Полат ісі
Фото: Видеодан алынған скрин

– Біз «777» дүкенінен шыққаннан кейін көлікке отырып, Талғар қаласынан шығып кеттік. Сол кезде Нұрқияс телефон арқылы біреулерді шақырып жатты. Содан кейін біреуі қалжыңдап «ауылға путевка алып кетеміз бе» деп айтты, – деді Дана Жақсыгелді.

Сондай-ақ, куәгер кетіп қалуға мүмкіндік болғанын, алайда қорыққанын жеткізді. 

Осыған дейін Дана Жақсыгелді мылтық пен пышақ туралы айтқан болатын. 

Бұған дейін сотта Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ол кикілжің қалай басталғанын айтқан еді. 

Сондай-ақ Қаржаубай Нұрымов Шерзаттың қашан жан тапсырғанын айтты. 

Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшембиева да қайғылы оқиға қалай болғанын еске алды. 

Еске салайық, прокурор оқиғаның толық хронологиясын баяндады. 

Айыпталушылардың көпшілігі кінәні мойындаған жоқ. 

Былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөпірім қайтыс болғанын жазған едік. 
2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының

Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады. 

2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылды. 

Биыл ақпан айында Шерзат ісіне қатысты қылмысты тергеу аяқталды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, шамамен 200 куәгерден жауап алынған. 

Соңғы жаңалықтар