«Әулие ата жастары» бағдарламасымен 140 жас отбасы баспаналы болды

АСТАНА. KAZINFORM — Жамбыл облысында жыл басынан бері 586,7 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл туралы әкімі Ербол Қарашөкеев аграрлық саладағы басты жетістіктерді баяндады. 

Тұрғын үй
Фото: Pixabay.com

Әкімнің айтуынша, өңірде тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп, жаңа алаптар мен шағын аудандар салынуда.

— 2 190 пәтерлі 46 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 1200 пәтерлі 20 үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік-осал топтары үшін 710 пәтер сатып алу жоспарланған, — деді Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен бірге, «Әулие ата жастары» бағдарламасы аясында 140 жас отбасы баспанамен қамтылған.

Айта кетейік, Жамбыл облысында бизнесті дамытуға 32,5 мың кәсіпкерге 289,8 млрд теңге несие берілген.

Облыс Қазақстанды стратегиялық маңызы бар химия өнімдерімен 100% қамтамасыз етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар