Азиада-2025: Қазақстандық хоккейші қыздар плей-оффқа жолдама алды
ХАРБИН.KAZINFORM - Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында төртінші жеңісіне қол жеткізді.

В тобының соңғы матчында, қазақстандық бұрымдылар оңтүстік Корея құрамасымен кездесті.
Тараптар үш кезеңнің қортындысында жеңімпазды анықтай алмады. Алайда, Александра Шегай қосымша уақытта қарсылас қақпасынан саңлау тауып, жеңіс голын соқты.
Осылайша, қазақстандық хоккейшы қыздар В тобындағы барлық ойында жеңіске жетіп, плей-оффқа жолдама алды. Енді олар А тобының үздіктері Қытай және Жапониямен кездеседі.
Еске салсақ, хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы ойында Гонконгты 12:0 есебімен ойсырата жеңді.
Ал екінші ойында Таиланд құрамасына 9 шайба соқты.
Сондай-ақ, қытайлық Тайбэй құрамасын 5:1 есебімен қапы қалдырған еді.