Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай жүлдегерлер сапына қосылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында 19 жастағы Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастар арасында әлем және Азия чемпионы С.Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта қырғызстандық Мирлан Туркбай уулумен шеберлік байқасты.

Бойы да, қолы да ұзын Санжар жылдам қимылдап, қарсыласына соққыларын дәл жұмсай білді. Төрешілер есебі – 5:0.

Осылайша, С.Тәшкенбай жартылай финалға шығып, жүлдегерлер қатарына қосылды.

Санжар Тәшкенбай бастапқы жекпе-жегінде басты қарсыласының бірі – өзбекстандық Асилбек Джалиловты 5:0 есебімен ұтқан болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына сегізінші медаль түскенін жазған болатынбыз.

Азия чемпионатында қазақстандық жеті боксшының сынға түсетіні хабарланды.

Азия чемпионатында Махмуд Сабырхан мен Серік Теміржанов жүлде алды.

Бұған дейін тағы бір қазақстандық боксшы жүлдеге ілікті.








Соңғы жаңалықтар