Батыр Теңізбай жағажайдағы Азия ойындарында Қазақстанға алғашқы жүлдені сыйлады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында алғашқы медальға қол жеткізді.

Батыр Теңізбай
Фото: Никита Басов, Қазақстан ҰОК

Батыр Теңізбай джиу-джитсудан қола жүлдегер атанды. ҚР ҰОК мәліметінше, қазақстандық спортшы 62 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен бәсекеде отандасы Мансұр Хабибулламен кездесті. Нәтижесінде Батыр Теңізбай 2:0 есебімен жеңіске жетіп, үшінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, бүгін Жібек Құлымбетова жағажай Азиадасының қола жүлдесі үшін өткен белдесуде жеңілді.

Ажар Салықова джиу-джитсудан жағажайдағы Азия ойындарының қола жүлдесі үшін күреседі.

Қазақстан әйелдер командасы топтық кезеңде жеңіске жетті.

Жағажай волейболынан Қазақстан командалары жарысты сәтті бастады.