Батыс Қазақстанда желтоқсан айында 700-ден астам адам коронавирус жұқтырды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында желтоқсан айында 705 адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалық етуімен өткен жедел штаб отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың мәлім еткеніндей, осы айда Қаратөбеден басқа аудандар мен Орал қаласында індет тіркеліп отыр.

Соның ішінде 61,4 пайызы (433-і) Орал қаласының үлесіне тиеді. Сондай-ақ Бөрлі ауданында 102 (14,5 пайыз), Бәйтеректе 84 адамның (11,9 пайыз) ауырғаны анықталған.

Батыс Қазақстан облысының Ресейдің бес өңірімен шектесетіні белгілі. Ресеймен шекарада 7 автоөткел орналасқан.

Қазіргі таңда «Сырым» (Самара облысымен шектеседі), «Тасқала» (Саратов), «Ақсай» (Орынбор) және «Жәнібек» (Волгоград) автоөткелдерінде санитарлық-карантиндік бақылау жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. «Орда», «Қазталов», «Шаған» автоөткелдері уақытша жабылған.

1-20 желтоқсан аралығында мемлекеттік шекарадан 18542 адам өтсе, соның 3242-сі – жолаушылар. Анықтамасы жоқ 571 жолаушы карантиндік стационарға жатқызылып, төртеуінен ковид табылды.

Жүк тасымалымен айналысатын 9313 жүргізушінің 6285-інде анықтамасы болған. Анықтамасы жоқ 3028 жүргізушінің жетеуінен індет анықталды. 373 адам шекарадан кіргізілген жоқ.

М.Арыспаевтың сөзіне қарағанда, Ресей елінің 85 өңірінде ауырғандардың тәуліктік өсімі 28209-дан асқан. Соның ішінде Самара облысында тәулігіне 305 (барлығы 27723), Орынборда 178 (26605), Саратовта 263 (31565), Волгоградта 276 (32131), Астраханда 182 (16591) адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелген.

Сонымен қатар көршілес Атырау облысының «қызыл аймаққа» кіргені мәлім. Осыған байланысты жедел штаб отырысында өңірде санитарлық талаптардың орындалуына бақылауды күшейту керектігі атап өтіліп, тиісті тапсырмалар берілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жұқпалы аурулар ауруханаларында 155 науқастың емделіп жатқанын, 100-ге жуық нысанның санитарлық талапты бұзғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ шекарадан өткен 31 адамнан коронавирус анықталды.






Соңғы жаңалықтар