Баянауылда кен орнында көз жұмған және із-түзсіз кеткендердің отбасына 4,5 млн теңгеден беріледі

Павлодар облысы Баянауыл ауданында «Майқайыңалтын» АҚ кен орнында көз жұмған және із-түзсіз кеткендердің отбасына 4,5 млн теңгеден өтемақы төленеді. Облыс әкімі Асайын Байханов осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazinform.

кен орнындағы апат
Фото: видеодан скрин

«Біз „Майқайың-алтын“ АҚ аумағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Оқиға орнында менімен бірге ТЖ вице-министрі және басқа да қызметтер бар. Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеуде, өйткені, құлау шекаралары тұрақсыз, әлі де пайда болған шұңқырда тас мен топырақ сырғып жатыр. Барлығы 116 адам, 23 техника жұмылдырылды. Бүгін таңғы сағат 06:00–де Астана қаласы ТЖД кинологтар бригадасы келіп, бірден іздестіру жұмыстарына кірісті» деп хабарлады Асайын Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында.

кен орнындағы апат
Фото: видеодан кадр

Оның айтуынша, қаза тапқан және жоғалған құтқарушылардың отбасына «Майқайыңалтын» АҚ және КӘАҚҚ РОШ-нан 4,5 млн теңгеден астам мөлшерде материалдық көмек көрсетіледі.

кен орнындағы апат
Фото: видеодан скрин

«Мемлекет тарапынан қаза тапқан жандардың отбасыларына асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлем тағайындалады. Қаза болған екі құтқарушының отбасына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың иманы саламат болсын. Біз іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырамыз» деді әкім. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Байханов Асаин (@asaiyn.baikhan)

Еске сала кетейік, кеше «Майқайыңалтын» кен орнында үлкен ойық маңындағы топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жердің астына түсіп кеткен болатын.

Кейін оқиға орнынан екі адамның денесі табылды.

Кешкісін табылғандардың кім екені белгілі болды.

Оқиға орнында иісшіл иттер жұмыс істеп жатыр. Опырылған жерде әлі де топырақ сырғып түсіп жатыр, опырылу шекарасы тұрақты емес. 

кен орнындағы апат
Фото: видеодан скрин

 

Соңғы жаңалықтар