Бейсембаев Өзбекстанның Қазақстандағы елшісін қабылдады

Ғани Бейсембаев
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM — Оқу-ағарту министрі Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Бахтиер Ибрагимовті қабылдады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Кездесуде Ғани Бейсембаев ресми Астана мен Ташкент арасындағы білім саласы бойынша екіжақты ынтымақтастықты тиімді жалғастырудың және кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. 

Министр екі елдің педагогтерінің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша өзара ықпалдастық құру туралы ұсынысын білдірді.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ғани Бейсембаев Назарбаев Зияткерлік мектептеріне бөлінетін қаражат азайғанын айтқан болатын.

Сонымен қатар ҚР Оқу-ағарту министрі Жамбыл облысындағы мектепке бөгде адамдардың келуі және мұғалімдерден ақша жинау оқиғасына қатысты пікір білдірді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram