Билл Гейтс Харристің сайлау науқанына 50 миллион доллар берді
АСТАНА. KAZINFORM – Microsoft корпорациясының негізін қалаушы миллиардер Билл Гейтс АҚШ вице-президенті, Демократиялық партиядан ел президенттігіне үміткер Камала Харристің сайлауалды науқанын қолдайтын үкіметтік емес ұйымға 50 миллион доллар берді. Бұл туралы New York Times хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, Гейтс қайырымдылықты Камала Харристі қолдайтын Future Forward үкіметтік емес ұйымына бағыттаған және ол құпия болып қалуы тиіс болған.
– Жақында Билл Гейтс вице-президент Камала Харристің президенттік науқанын қолдайтын коммерциялық емес ұйымға құпия түрде шамамен 50 миллион доллар қайырымдылық жасады, - деді мәселемен таныс үш дереккөз.
Гейтстің позициясына жақын дереккөздің айтуынша, ол кез келген кандидатпен жұмыс істеуге ашық екенін айтқанымен, ол достарымен және басқалармен биылғы жылы әңгімелесуде республикашыл кандидат Дональд Трамптың екінші мерзімге сайлану мүмкіндігі туралы алаңдаушылық білдірген. Гейтс қайырымдылық қорына жақын дереккөздердің айтуынша, Трамп қайта сайланған жағдайда отбасын жоспарлау мен жаһандық денсаулық бағдарламаларын қысқарту мүмкін екендігі қор үшін үлкен алаңдаушылық тудырады.
Хабарға сәйкес, Гейтс ажыратқан қаражат 501(c)(4) түріндегі ұйым болып есептелетін Future Forward USA Action ұйымына жіберілген, сол үшін де донорлардың аты-жөні жария етілмейді.
АҚШ-та президент сайлауы ағымдағы жылдың 5 қарашасында өтеді. Камала Харрис Демократиялық партиядан, ал бұрынғы президент Дональд Трамп Республикалық партиядан үміткер болады.
Бұған дейін Илон Маск Трампты қолдау комитетіне кемінде 75 млн доллар бөлгенін жазған едік.
Сондай-ақ, Илон Маск америкалық сайлаушыларға ақша таратты.